Естелік – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Естелік» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3554
Қазір бақилық болган жақын жолдасын Аманкелді Әбдугалиевтің көзі тірісінде өзіне оқып берген өлеңім бұл.

Көп жайлар бар көңілімді қозғаған...
Мұндай кезде әзіл жақсы аздаған.
Менің досым Аманкелді бір кезде,
Оралда қап, диктор бола жаздаған.
Деген сөз бар: «Қуған жетер мұратқа»,
Арман шіркін жетелейді жыраққа.
Қарлығаштай қанатымен су сеуіп,
Туған жерде жүрген жақсы бірақ тa.
Елеулі бір ұлым дейді Тайпағың,
Мұны талай мен өзім де байқадым.
Жақсылыққа жаны жақын жандарды,
Қартаймайды деп сеніммен айтамын.
Жас ұлғайса, тартар көңіл салқынға,
Алқынба, дос, ақ алмастай жарқылда,
Шіренгендер көкті тіреп тұрған жоқ,
Қала берші осы елгезек қалпыңда.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері