Серіліктен биік тұрған кемеңгер

Бұл бетте «Серіліктен биік тұрған кемеңгер» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 756
Ұстаздарым – Сегіз сері, Нияз сері.
Біржан сал

Мұхиттарда дауыл кешкен кеме дер,
Сегіз сері –
Асқан талант, ерен ер.
Серіліктен азаматтық жолы кең,
Сол емес пе озық туған кемеңгер.
Аз уақытта мол шарықтап үлгерген,
Жүрек қылын дәл табатын сұр мерген.
Баһрам ұлы ол Мұхаммед­Қанафия,
Ақындығы, батырлығы мыңмен тең.
Сөзі сара, әні дара, асқақ­ты,
Оны жастай ұлтжандылық басқартты.
«Тентек қазақ ереуілін бұз!» – деген
Губернатор жарлығынан бас тартты.
Үздік ақын, ұлы сазгер, хас батыр,
Онда көп қой ғашықтықтан басқа сыр.
Исатай мен Махамбетке септесіп,
Сан жорықта құрды бірге ақ шатыр.
Содан кейін Сыр бойына оралды,
Дертке дауа тапқандай тез оңалды.
Төтеп беріп Хиуа, Қоқан, Ойратқа,
Өзі дербес ел қорғаны бола алды.
Қалай ғана Мақпал қызға тамсанбас,
Ғажап сол ғой атына сұлу жан салмас.
Мерт болды ол
Ойраттардың оғынан,
Сонда туды ән төресі «Гауһартас».
Кемеңгерге тіл тигізу обалы,
О, заман­ай!
Тына қойған жоқ әлі.
Керуен көшіп бара жатыр жөнімен,
Есуастардан әлдеқайда жоғары.

01.02.2010.
Астана


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Серіліктен биік тұрған кемеңгер өлеңінің авторы кім?

Кәкімбек Салықов — осы өлеңнің авторы.

Серіліктен биік тұрған кемеңгер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Серіліктен биік тұрған кемеңгер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Кәкімбек Салықов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Серіліктен биік тұрған кемеңгер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері