Өлең, жыр, ақындар

Ақ тілек

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1246
О, тағдырым!
Бергім келіп мол өнім,
Әр сөзіме көңіл нұрын төгемін.
Мен ғашықпын самғауына Сәкеннің,
Құс қанат бер, тік шырқауға көнемін.
Дей көрмеспін
«О, тағдырым, тыным бер!»
Шәкәрімнің сан салалы мұңын бер.
Шал ақынның әзілінен бір жонып,
Махамбеттің жау жасқантар қырын бер.
Бір сөз үшін жерден жеті теремін,
Мың толғанам іздеп ойдың тереңін.
Не де болса мәрттігін бер Мағжанның,
Ал содан соң жетегіңе еремін.
Ақын Қасым дабылы бар санамда,
Ол дес келді біздің бодан заманға.
Құлагершіл,
Кең далашыл жаралған
Ілияс ақын дүбірін бер маған да.
Әне, сонда дер едім мен күштімін,
Көп бітірер өлеңім де іс­тыным.
Тілегімнің ең үлкенін айтайын –
Сыйла, тағдыр, Абайлықтың ұшқынын.
Менің­дағы көп аңсатқан ақ гүлім,
Жер­жаһанға «Жезкиік» боп тапты үнін.
Ақан сері болып құсқа ән қоссам,
Құлагердей ұрып жықпа тап бүгін.

08.10.2010.
Астана



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бір қазақты бөлмейікші екіге

  • 0
  • 0

Ескі Одақтың кезінде де бар еді
Елді үш жүзге бөлушілер әлегі.
«Командалық» ғұрып келді бұл күнде,
«Ескі», «жаңа қазақ» туды әлемі.

Толық

Аққусың жел сындырған қауырсынын

  • 0
  • 0

Аққусың жел сындырған қауырсынын,
Беу, қалқа!
Тағдыр артқан ауыр сырың.
Кәкімбек Салықов

Толық

Романс

  • 0
  • 0

Романс - Кәкімбек Салықов
Көркіңе жетпес тәтті сөз,
Сүйсініп жаным құптайтын.
Бұйырды маған сәтті кез,

Толық

Қарап көріңіз