Өлең, жыр, ақындар

Мәдидің ескерткіші алдында

  • 03.11.2021
  • 0
  • 0
  • 758
Ассалаумағалейкум, Қарқаралы!
Шыдатпас сені аңсатқан жан талабы.
Жарқ етті тау басында жалғыз арша,
Арудай мені тосқан Арқадағы.
Дербес ел саған бүгін тамсанады,
Үр жаңа ән қозғайды таң самалы.
Басыңнан бұлттар көшіп,
Осы емес пе
Қайғы­шер Мәди айтқан тарқағаны.
Өткен күн бүгін анық байқалады,
Білгендер шын жүректен айта алады:
Зар қағып, Мәди әнін ұран етіп,
Бар қазақ қиын күнде қайталады.
Түрмеде жанға батып шаршағаны,
Мұң төксе ел аралап асқақ әні;
Бұл күнде ұлағаттап ұрпақтары,
Ескерткіш жарқылымен жар салады.
Еңсесін көтергендей сай­саланың,
Мәдиге белгі орнатқан бай талабың.
Есен бол, Ермегияев Амангелді,
Ел сүйер ерен жүкті арқаладың.
Естісін бүкіл қазақ шартарабы,
Бір әннің болды­ау, шіркін, қанша мәні.
Сол үшін алғыс айтқын ақтангерге,
Думан­той құтты болсын, Қарқаралы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Астанаға ол бүгін сәлем берді

  • 0
  • 0

Астанаға ол бүгін сәлем берді
Марат деген сазгер бар Жезқазғанда,
Ән толқытар әр сөзге шөл қанғанда.
Кәкімбек Салықов

Толық

Қош бол, жалғыз бауырым!

  • 0
  • 0

Қош бол, жалғыз бауырым!
Айналайын, Сапаржаным, Сапарым,
Кім тосыпты саған күннің батырын?!
Кәкімбек Салықов

Толық

Жүректе дақ қалмасын

  • 0
  • 0

Жүректе дақ қалмасын
Жасымнан жақын дос еді,
Жоқ жерде қатты қағыстық.
Кәкімбек Салықов

Толық

Қарап көріңіз