Жұмбақ жас – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Жұмбақ жас» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2589
«Жаман қой ісегінде қартаяды,
Шымқұдық қас қағымда ортаяды.
Аруды алақанда ұстамаса,
Жиырмада алма беттен әр таяды».
Осылай мақалдайтын бір атамыз,
(Біз оның нақыл сөзін ұнатамыз).
Өзгенің кекселігін бірден байқап,
Жаспыз деп өзімізді жұбатамыз.
Сөзінде қариянық шындық басым,
Айтыпты сырды ұққасын, мұңды ұққасын.
Біреулер жанған отқа қарсы барса,
Біреулер бәрін құптар шұлғып басын.
Әр адам өзіне тән ғұмыр кешіп,
Қалайды бақытының ұлы іргесін.
Қонады ұл ұяға, қыз қияға,
Осылай ұзатамыз өмір көшін.
Сыры бай, жастық шақтың сыны керім,
Бітпестей көріп оны жүріп едім.
Бетіне келіндердің әжім түсіп,
Бозбас боп бара жатыр інілерім.
Уақыт жүрмес біздің ырықпенен,
Мен оның құпиясын біліп келем.
Жиырма бес, отыз бесім, хош бол енді,
Келіп тұр сыры жұмбақ қырық деген.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жұмбақ жас өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Жұмбақ жас өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жұмбақ жас өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жұмбақ жас өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері