Іздерім – Гульнази Назарова

Бұл бетте «Іздерім» атты Гульнази Назарова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Кетіп барамын сол жолдармен,
Талай қызықты өткізген.
Ыстық маған бәрі де,
Көктемі мен күзі де.

Жастық кезең көктемім,
Көп еді сенен күткенім.
Уақыт деген зуылдап,
Білмей де қалдым –ау, күздің қалай жеткенін?

Менің жүрген іздерім,
Еске оралар сол кездерім.
Көз алдымда бәрі де,
Қайтып келер күткенім.

Келмесе де мен бәріне ризамын,
Өмірдің меңгердім сан қырын.
Тіршіліктің өзі де қас қағым сәт,
Білемін бұрынғыдай бәрі де болмасын.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар