Құштарлық – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Құштарлық» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 778
О, қаншама жолдарды басып өттім,
Ізін көрдім іздерден қасіреттің.
Осынау бір өмірде мен өзіме
Бар адамды келеді ғашық еткім.
Бәрін-бәрін келеді ғашық еткім,
Жасын сүртіп жүзінен қасіреттің.
Кеудесінде жаны бар адам түгіл
Туған жердің келеді тасын өпкім.
Ойларыма бергендей ғасыр екпін,
Өмір арна келеді тасып өткім.
Жүрегімнің сәулелі жарқылдарын
Туған елге келеді шашу еткім.
Таңдайыма тамғандай жасы көктің,
Білем дәмін қуаныш, қасіреттің.
Ғашық болып өмірге, мен өзіме
Бәрін-бәрін келеді ғашық еткім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері