Өз күшін өзі болып байқап алғаш – Шөмішбай Сариев

Бұл бетте «Өз күшін өзі болып байқап алғаш» атты Шөмішбай Сариев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 976
Өз күшін өзі болып байқап алғаш,
Тұлғалар қалды өмірде қайталанбас.
Абай мен Пушкин ақын дәл осылай
«Қайталанар» деп ешкім айта да алмас.
Кәдімгі қасиетімен сүйікті олар,
Ел-жұртын ерек үнмен ұйтты олар.
Абайдан Абай ғана асып түсер,
Пушкиннен Пушкин ғана биік болар.
Жыр етіп күнді қиын, жылды да ауыр,
Жүрекке жетіп барып тынды дауыл.
Сонымен Пушкин болып қалды Ғасыр,
Сонымен Абай болып тұрды Дәуір!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері