Көңілің үстем патшадай

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 08.04.2022
  • 0
  • 0
  • 1070
Кей адамның көңілі
Таудан бұлақ аққандай.
Кей адамның көңілі
Шыңыраудан қауғамен
Бір ұрттам су тартқандай.
Кей адамның көңілі —
Жазғы жайма күн шуақ,
Кей адамның көңілі —
Қарала бір көлеңке,
Күдігі көп мың сұрақ.
Кей адамның көңілі —
Шалқар теңіз шалқыған.
Кей адамның көңілі —
Құрбақалы тұйық су,
Шалшығыңда малтыған.
Кей адамның көңілін,
Қонған бастан мырза етіп,
Кей адамның көңілін
Торлап алған сарандық
Ақырына жүр жетіп.
Көңіл — дария арналы,
Өз ағысын байлама,
Толқындары таласып,
Болмысыңмен жарасып,
Бірдей ақсын қайда да!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көңілің үстем патшадай өлеңінің авторы кім?

Шөмішбай Сариев — осы өлеңнің авторы.

Көңілің үстем патшадай өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Көңілің үстем патшадай өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөмішбай Сариев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көңілің үстем патшадай өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері