Өлең, жыр, ақындар

Өтуде өмір, кімнің жайын кім білген

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1149
Өтуде өмір, кімнің жайын кім білген,
Айырмадым бір күнімді бір күннен.
Жүрегіме батып уақыт салмағы,
Өзімді-өзім көтере алмай жүрмін мен.
Жанам деген үміт отым сөнді көп,
Не бар артқа қалар менен белгі боп.
Тарқап бара жатқандай жаз базары,
Сезімімнің жапырақтары селдіреп...
Армандаймын айналадан сыр бағып,
Таңғы шықты ақ қайыңға сырға ғып.
Саған деген сағынышты оятып,
Күздің желі әйнегімді тұр қағып.
Табиғаттың төл баласы тал-қайың,
Тамшылармен жібітеді таңдайын.
Сүйетіндей күн сәулесі күлімдеп,
Жапырақтардың әжім басқан маңдайын.
Қарағайлар бағып аспан қабағын,
Иетіндей садақ етіп сабағын.
Күн нұрымен, құс жырымен сусындар,
Жерге тіреп тамырланған табанын...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Теңеулерден, бір теңеу туындайды

  • 0
  • 0

Теңеулерден, бір теңеу туындайды,
Әжем талға тарысын қуырмайды.
Жапырақтар, жел соқса дауыл ұрған –
Толқынындай теңіздің шуылдайды...

Толық

Мекендеп шынар шың басын

  • 0
  • 0

Мекендеп шынар шың басын,
Үзгендей жапырақ сырғасын.
Білмеппін мынау өмірдің
Жаз болып мәңгі тұрмасын.

Толық

Өмір-тағдыр майданын ұғып болғам

  • 0
  • 0

Өмір-тағдыр майданын ұғып болғам,
Алдандырған, алдаған жігіт, жалған.
Толқын соққан бауырын... шұрық тесік,
Кемедеймін жағаға шығып қалған.

Толық