Түн-шымылдық – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Түн-шымылдық» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 624
Түн-шымылдықтың ішінде біздер тілдестік
Жұлдыздар анау түскиіздегі моншақтар.
Жақын ғып бітті жанымыздағы үндестік
Тұмар ғып айды айтатын сырың болса ақтар.

Ғарыштан келген шарпыды жылу денемді,
Зымырап өтер шақтарым мынау кеңескен.
Сенесің түнге, жолдайсың ыстық сәлемді,
Жартысы жолда шашылып қалар деместен.

Шулаған сөздер, сұқтанған көздер, жоқ бәрі,
Дем ала тұрсын, біздер үшін де сол тыныш.
Алыстағы тау жылжып келгендей қасыңа.
Тек сен болған соң билемес мені қорқыныш.

Жалтарғым келіп жалт беріп көрдім қанша рет,
Кеш болса дағы сезімнің сырын ұғындық.
Күтеді бізді сырласып тағы қалса деп,
Үкілі үміт тағынған алып шымылдық…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері