Қиялға да симайтын – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қиялға да симайтын» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 595
Жүдетуге жанымды мүлде бейім,
Сені көрсе мұң біткен қашады ептеп.
Мен де ығысып шегіне бердім кейін,
Төрге шығып барасың баса көктеп.

Қамал соғып сан жерден шектеліп ем,
Жүрегіме қалай жол тауып кеттің.
Көлбіреген көңілдің шекпенімен,
Ұсақ-түйек сезімді жауып кеттің.

Қашан мақсат еттім мен кезігуді?
Түсіндірсең жайымен ұғынармын.
Өлең-жырмен өрнектеп сезіміңді,
Ақ жауынша төпелеп тұрып алдың.

Жаның сүймес жан едің зарлағанды,
Қарып түсер қолың-шоқ, от-қарасың.
Күрең тұлпар шылбыры қолда ораулы,
Қиялға да симайтын боп барасың…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері