Көкірегімді қамшылайды от – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Көкірегімді қамшылайды от» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 722
Көкірегімді қамшылайды от,
Көз алдымда елестер сан.
Көзіңдегі тамшыдай боп,
Дірілдеймін сені еске алсам...
Жаным жырды сағынады,
Тынысындай бір өмірдің.
Ақ сәулесі шағылады
Жүрегіме жүрегіңнің...
Сол кездерде мені іздейсің,
Жауапсыз ой қурайды арман.
Аласұрған теңіздейсің
Сұр жартасты шыр айналған...
Білмедім деп тасып жүріп,
Арнаңа бір асығарсың.
Толқыныңмен басыңды ұрып,
Өксіп іштей басыларсың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері