Кездескенде қыстың әлсіз қолымды – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Кездескенде қыстың әлсіз қолымды» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 605
Кездескенде қыстың әлсіз қолымды,
Білгің келіп бәрін ішкі хал-жайдың.
Сенің мәңгі күтер едім жолыңды,
Бірақ мәңгі өмір сүре алмаймын...
Талай рет тиді тасқа маңдайым,
От сезімге ерік беріп, ес кетіп.
Бұлқынғанмен не тындырам, әрдайым
Маған бақыт кездеседі кештетіп.
Көп күтуден шаршадым ба әлде мен,
Есту үшін бір сөзіңді ағалық?
Батқан кешпен, атқан үміт таңменен,
Қара шашым бара жатыр ағарып...
Көрінетін бәрі алдымнан, алдымда,
Қайшылыққа тіршілік бай не деген?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кездескенде қыстың әлсіз қолымды өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Кездескенде қыстың әлсіз қолымды өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кездескенде қыстың әлсіз қолымды өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кездескенде қыстың әлсіз қолымды өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері