Анама – Ғайникамал Сәдуақасова

Бұл бетте «Анама» атты Ғайникамал Сәдуақасова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Анама

Жаратқаннан, Кейін бізді жаратқан.
Құндылықты бойымызға таратқан.
Сіздей адам таппаспын мен іздесем,
Өмірімнің кірпіштерін қалатқан.

Мен ауырсам, сен қиналдың қаттырақ,
Бәйек болдың, жазылғанша шапқылап.
Не десемде- еркелетіп,елпектеп,
Әкелушен отбасыға бақ- тұрақ.

Езу тартсам, екі есе жымидың,
Арамызда қалмапты ғой сыр дейтін.
мейірлене қарағанда көзіме,
Суып кеткен көңілімде жылитын.

Ал жыласам ,өртенетін өзегін,
Сөз айтпадың өменімен өтетін.
Сабырлықты мен өзіннен үйренгем,
Дауыл болса мынқ етпестен төзетін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар