Түндер өтті елеспен, күндер өтті

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 706
Түндер өтті елеспен, күндер өтті,
Сеніп қалған іздеумен күлден отты.
Табиғаттың елігіп көктеміне,
Жайқалып бір көңілім гүлдемепті...
Ізсіз судай барады өмір ағып,
Таңым атты тілеумен жолыңа құт.
Бұлбұлың боп сайрармын, бәйтерегім,
Бұтағыңа мен сенің, қонып алып.
Мүмкін, саған болармын алынған шың,
Досың келіп құттықтап қолыңды алсын.
Жүрегіңе қан болып жүгіреді,
Тамырыңды аралап менің даусым...
Асау арман қай жаққа қашады алып,
Жанарыма шаттықтан жас оралып.
Жаңбыр жауып беймезгіл, соқса дауыл,
Жапырағыңа тығылам тасаланып.
Өмір деген о да бір асау анық,
Жасық болсаң жығуға қашады алып.
Қартаярсың қартайсаң, бәйтерегім,
Құштарлықтың күйімен шаш ағарып.
Сүйікті елес, есімде қарағаның,
Бара жатыр таусылып бар амалым.
Жарық күнге еркелеп жайқаларсың,
Тамырыңа жаңбырдай тарап әнім...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Түндер өтті елеспен, күндер өтті өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Түндер өтті елеспен, күндер өтті өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Түндер өтті елеспен, күндер өтті өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Түндер өтті елеспен, күндер өтті өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері