Өлең, жыр, ақындар

Менің рухым

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 793
Айта алмастан сыртқа сырды ашып көп,
Ой қуамын, дулы ортадан қашып кеп.
Өмір сүрдім, көз жетсе де, қол жетпес
Жұмбақ, алыс биіктерге ғашық боп.
Түрлі жолға бастап мені түрлі ағыс,
Шабыт болып шақырғандай бір дауыс.
Арман етіп, назарымды аудардым,
Қыран ұшып жете алмайтын шыңға алыс.
Талабыма бергендей бір таң қанат,
Құстай ұштым, сезімімді әнге орап.
Тірлік үшін, жерге түспей қойдым мен,
Жанарымды шолпан-жұлдыз жаулап ап.
Шертіп нәзік сезімімді пернелі,
Қиялымды ай менен күн тербеді.
Мазақ болдым, бейхабар боп, өрбіген
Қулықтармен, сұмдықтармен жердегі.
Көк-аспанға сапар шегем сүйіп мен,
Құдіретімен қара бұлтты иіткен.
Қуаныш па, қасірет пе басыма
Не келсе де, келетіндей биіктен.
Шың басынан төмен түсіп, қол алмай,
Кеткен көңіл, қойды қайтып оралмай.
Көкірегімді жарып шығып жүрегім,
Бір биікке жанып ұшып қонардай.
Өмір өтер, арты өкініш, алды үміт,
Қағыстардан қанатымды талдырып.
Менің рухым жұлдыздардың ішіне,
Сапар шегіп жүретіндей мәңгілік.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Болады бір жеңілісім, жеңісім

  • 0
  • 0

Болады бір жеңілісім, жеңісім,
Өлең құсым араласын ел ішін.
«Қандай сыйлық алдың?» - деп сен сұрама,
Жарық күннен артық сый жоқ, мен үшін.

Толық

Екі көз, екі дүние...

  • 0
  • 0

Жер аласа, аспан төсі тым биік,
Биіктегі жұлдыз-гүлдер әдемі.
Бірі жарық, бірі түпсіз тұңғиық,
Екі көзім – екі дүние әдемі...

Толық

Жер астынан табылған теңіз

  • 0
  • 0

Аспанында қалқып ұшқан жас қыран,
Аспанында қалқып ұшқан жастық ән,
Шалқар дария табылыпты бір теңіз,
Мен шыр етіп туған жердің астынан.

Толық