Тағдырына таудан көмек сұрамай – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Тағдырына таудан көмек сұрамай» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 667
Тағдырына таудан көмек сұрамай,
Бұлт қойнына енгендей бір жылап ай.
«Маза бер» – деп түрегеліп кетердей,
«Мыңмен жалғыз алысып» – өткен ұлы Абай.
Шыр-шыр етіп торғай ұшып қонады,
Сияқты о да, жарық дүние қонағы.
Жер астынан күңіреніп бабалар,
«Балаларға» тіл қатқандай болады.
Ағып жатыр әр арнамен әр ағын,
Ашып-жауып толқындардың парағын.
Қарап жерге көзіменен Абайдың,
«Қарауылға» бола алмаппыз қарауыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері