Үлкен жолда жатқан көлік ағылып
- 0
- 0
Үлкен жолда жатқан көлік ағылып,
Қарамайды жолаушыға көлдеңен.
Кетпес пе екен жүрісінен жаңылып,
Жол тәртібін, ережесін білмеген.
Бұл бетте «Ұранымыз-Тәуелсіздік» атты Ақжүніс Әшім жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген.
Үлкен жолда жатқан көлік ағылып,
Қарамайды жолаушыға көлдеңен.
Кетпес пе екен жүрісінен жаңылып,
Жол тәртібін, ережесін білмеген.
Ағаларың жүрген болса алдыңда,
Ізімен жүр, көп тағылым бар мұнда.
Інілерің келе жатса артыңда,
Сүйеуің бар, алға жүрсең, тартынба!
Әрбір істің соңын күтер сабырлы,
Біткен іс пен піскен жеміс қадірлі.
Отқа түсіп, дастарханға жеткенше
Наннан қымбат емес оның қамыры.
Жаратқан Алла ғаламды,
Жаратқан екен адамды.
Адамға қуат болсын деп,
Жаратқан және қаламды.
Бұл фәниде актерміз біз құбылған,
Құлағымыз босамайды сыбырдан.
Жаралаймыз, табалаймыз біреуді,
Сүрінгенге күліп жатса жығылған.
Табиғаттың құбылмалы мезгілі,
Айырықша байқалады күз күні.
Аттың басын бұра алады сол ғана,
Мінген аттың болса кімде тізгіні.
Dinaa
Өлеңіңнің мәні бар екен.Өнерің өрге жүзсін.Бірақ кейбір жолдарды дұрыстау керек.
Aya
Иә.Расында да Ләззат пен Сәбирадай аруларымыз намысын таптатпаған.Жарайсың