Дүниенің құпия болмыстары – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Дүниенің құпия болмыстары» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 898
Дүниенің құпия болмыстары,
Бір-біріне жасайды айналыстар.
Айналғандай мен үшін жырға бақыт,
Тоқта десе тоқтайды кімге уақыт.
Кейде күліп, қуансам, толқып-тасып,
Ал, бір күні отырам мұңға батып.
Таныс күлкі, таныс күй, таныс бәрі,
Табысқаны, таныстың алыстағы.
Жол үстіне кезекпен жолаушыдай,
Келіп, кетер өмірге ауыспалы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері