Мәншүк туралы ән – Сағи Жиенбаев

Бұл бетте «Мәншүк туралы ән» атты Сағи Жиенбаев жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бұлбұлдай еркін сайраушы ең бауларда,
Айтушы ең жүрек арманын тауларға.
Дауыл боп кенет, аяулы асыл ән,
Аттандың сен де, аттандың жауларға.

Кеудеңнен жалын алаулап атқандай.
Жүрегің отқа өртеніп жатқандай.
Өзің де оқтай атылдың жауларға
Аспаннан түнде ақ жұлдыз аққандай.

Жырлайды сені жел жұпар шашқанда,
Жырлайды көктем гүлдерін ашқанда.
Тұрсың сен мәңгі жас болып жүректе,
Жүрсің сен мәңгі ә


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері