Мен адамзат пендесінен түңілдім – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Мен адамзат пендесінен түңілдім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 816
Мен адамзат пендесінен түңілдім,
(Жан айнасы, жанарына үңілдім)
Қарасынан жылу таппай, сәулесіз –
Қап-қараңғы бір бұрышқа тығылдым.
Ұмыттым мен, аспан барын, тау барын,
Тауға барып, келсе де бір аунағым.
Бұғып, сырттан үнсіз оғын атқылар,
Көздеріме көрінбейтін жауларым.
Ой домбыра, қос ішегін бос бұрап,
“Алаштардан” ала алмадым дос құрап.
Тырсылдайды, от жаңбырдың астында,
Жанарымнан жас емес бір тас құлап.
Қорқыныштан тілім қалды байланып,
Пендедегі қандай жаман, майдалық.
Теңселемін, от жаңбырдың астында,
Төрткүл дүние, төрт бұрышқа айналып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері