Көресің бе?

Бұл бетте «Көресің бе?» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2528
Еңбекпенен дарытам деп бойға құт,
Жалғыз ағам далада жүр қой бағып.
Мына заман қайда апара жатыр деп,
Үйде оңаша отырамын ойланып.
Бәзбіреулер мақтап жатыр нарықты,
Кімдер оның байыбына барыпты?..
Қашанғы біз жалаң үгіт айтамыз,
Тығырыққа тіреп қойып халықты.
Қаншама жыл тұрғынымын қаланың,
Күнкөрістің тауып келем амалын.
Бірақ. Бірақ. Біз ұшпаққа шықпаймыз,
Халі мүшкіл болса егер даланың.
Қатты соқты бұл нарықтық дауылы,
Момындарға түсті жүктің ауыры.
Көресің бе, атқа мінген азамат,
Қандай күйде атам қазақ ауылы?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көресің бе? өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Көресің бе? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көресің бе? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көресің бе? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері