Өмір солай, өніп өсіп көктеген – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Өмір солай, өніп өсіп көктеген» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1363
Өмір солай, өніп өсіп көктеген,
Өткен күнге өкінішсіз таңданам.
Жастық шақта, жасыл едім, көктем ем,
Жасын тисе, жалын атып жанбаған.
Түс ауғанда тағдыр жолы тоғысқан,
Екі айрылу соқпас енді бізге оңай.
Жастық шақта пісіп бәрі толысқан,
Жазғы баққа бұрылмадың сен қалай?
Сенің дауысың естіледі шалғайдан,
Сезіледі алған ыстық демің де.
Күзгі күнмен орманыма сарғайған,
Неге от қойдың? Жанып кетсін дедің бе?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері