Сырдария – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Сырдария» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.08.2021
  • 0
  • 0
  • 815
Түнделетіп сұлу Сыр,
Тұңғыш келдім жағаңа,
Долы желдің елемей
Жармасқанын жағама.
Көпіріңнен көз салдым
Көсілген бай далаңа,
Ыңыранып ырыс-бақ
Жусаған сай-салаңа.
Каналдарын тоғысқан
Бей не жолдың торабы
Плотинаң – диспетчер
Бағытыңңды шолады.
Айдынында ай жолы.
Айдай екен ажарың.
Аймағыңа анадай
Мейрімді екен назарың.
Алқабында алтын дән
Өскен —
Халық ырысы.
Осы өлкенің екенсің
Жан жүйесі, тынысы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері