Теңіз – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Теңіз» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.08.2021
  • 0
  • 0
  • 638
Мейірбан маңғаз жаралған
Көгілдір теңіз тұңғиық.
Жатырсың адам жанына
Денсаулық, егіп, нұр құйып
Байыпты ғана жүретін,
Бірақ та жаны әбігер.
Айықсақ айдай күлетін
Екенсің абзал дәрігер.
Мейірбан маңғаз жаралған
Көгілдір теңіз тұңғиық,
Шалқи бер адам жанына
Денсаулық егіп, нұр құйып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері