Бұл бетте «Әннің аты «Ақ күріш»» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сабырлы Сыр, сұлу Сыр,
Сұлай аққан шымырлап.
Толқытады жанымды
Толқындарың сыбырлап.
Көңіл қошын қолтықтап
Жүрмеген Сыр жағаңда,
Асау Ертіс қызымын
Толқын таныс маған да.
Сыңғырлы Сыр, сұлу Сыр,
Сүйіп беттен самалың:
«Сарыарқаға ала бар,
Дейді, – Сырдың жаңа әнін,
Әннің аты «Ақ күріш»,
Баданадай ақ қанам,
Мөлдіретіп маржандай,
Сыр қыздары баптаған.
Жырға ынтық жаным бар,
Мен де әнге іңкәрмін.
«Ақ күрішті» аспанға
Асқақтата шырқармын...
Сыңғырлы Сыр, сұлу Сыр,
Сыр ақтаршы тағы да,
Сыбырларың бөледі
Жанымды жыр бағына!
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі