Ойнайтұығын сахнасында уақыттың – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Ойнайтұығын сахнасында уақыттың» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 579
Ойнайтұығын сахнасында уақыттың,
Әкімдікті ұлы әртістей көрем мен.
«Басымызға туады деп бақыт күн»,
Қол соғатын халық сенгіш көрермен.
Ойымдағы оралмайды енді өмір,
Өзгертпейді... өзгермейді бір ұғым.
Келіп, кеткен қарапайым, менде бір,
Қол соғатын көрерменнің бірімін...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері