Өлең, жыр, ақындар

Қарақия

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2673
Қара нардай қасқайып тұрасың да,
Бұйра бұлтқа «өркешің» ұласуда.
Жолаушыны жеткізбей шаршатасың,
Бір асудан жетелеп, бір асуға.
Оңға-солға жолыңды шарып,
Бірте-бірте кетесің биікке алып.
Жоғарыдан төменге қарағанда,
Қалар бір сәт өмірің тұйықталып.
Төзімімді сынауға бекідің шын,
Алда жеті асуың - жеті мүшең.
Тас қамалды осы бір aшy керек,
Жетібай мен Өзенге жету үшін.
Тастағысы келгендей ықтырып бір,
Құрмет етсін дегендей тік тұрып кел.
Шомбыл мүсін, шоң мінез Қарақия,
Маңғыстаудың өрлігін ұқтырып тұр!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тежелу

  • 0
  • 0

Жүргенімде еш алаңсыз, ырғалып,
Қалды қанша сезім шаршап, жыр налып.
Берілген соң бір мақсаттың жолына,
Мінезге де керек екен бір қалып.

Толық

Қырық бесінші жыл

  • 0
  • 0

Түнеріп сол күндерде тұрды аспаным,
(Таяғы тағдырдың ұрмас бәрін).
Қарсы алдым балалармен қатар барып,
Әкемнің жаудан қайтқан құрдастарын.

Толық

Шуақ

  • 0
  • 0

Тыныштық - дәл осы шақ бар керегім,
Арадай гүл қуалап, бал теремін.
Алдымда ақжал толқын Жайық жатыр,
Жайқалтып жағасында тал-терегін.

Толық