Өмірге мынау қайранбыз – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Өмірге мынау қайранбыз» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 643
Өмірге мынау қайранбыз,
Көктемде... келер құс тағы.
Тоңғандай дір-дір ай жалғыз,
Жапырақтай күміс қыстағы...
Өткізсем үнсіз уақытты,
Тақуа тағдыр тақымдар.
«Жұрт» секілді бақытты –
Болуға менің қақым бар.
Сенермін, қалай көнермін,
“Сырты дос, іші жауға” шын.
Бағасын берер келер күн,
Түсіріп еске тәубасын.
Қан-тамырға жол жүрек,
Жан ұясы, ең ыстық.
Көздерімде көкжиек,
Кеудемде бар кеңістік...
Ой дегенің он бөлек,
Өрге тартып шаршадым.
Көтеріп келем дөңгелек
Басыма ұқсас “Жер-шарын”.
Күрсінемін... күле алмай,
Жүрер жолым қанша, әлі?
Мен құласам құлардай –
Жер шарына, Жер шары.
Жанарымда таңсәрі...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері