Еңкіш емес, емендей түзу едің

Бұл бетте «Еңкіш емес, емендей түзу едің» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 676
Еңкіш емес, емендей түзу едің,
Байқамадым, қонғанын жүзіңе мұң.
Құдіреттім-ау, бұл күнде өзің тұрмақ,
Басып кеткен тең келер ізіңе кім?!
Ұқсаушы едің мен үшін таңға жарық,
Қайратымды беруші ең тауға жанып.
Көбелектей отқа өш, қыз біткенді,
Түр-тұлғаңмен тұрушы ең жаулап алып.
Тәкаппар ең, басқа енді не демекпін,
Дауысыңа алыстан елең еттім.
Жарығыңа жақындап, бір едім мен –
Қос қанатын күйдірген көбелектің…
Сөзім – ерке, сезім – мас, өзім жаспын,
Сұлулық боп дүниеге көзімді аштың.
Ғашық болып мен саған, ауырған ем,
Сол аурудан енді ешбір жазылмаспын…


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еңкіш емес, емендей түзу едің өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Еңкіш емес, емендей түзу едің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еңкіш емес, емендей түзу едің өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еңкіш емес, емендей түзу едің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері