Өлең, жыр, ақындар

Асау Тұрлан баба үні

  • 08.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2276
Абақтыда келгенменен ажалым,
Сарыкөлде мынау менің мазарым.
Сонау Орал түрмесінен Шеркештер,
Жеткізген ғой көрсе де жол азабын.
Ашып айтсам не пәлені көрмедім,
Тілгілеумен басқыншының түнегін
Ата даңқын әруақтай қастерлеп,
Қас жауыма тізгінімді бермедім..
Кіші ұлыстың жолбарысы атанған,
Ер Қыдырбай Маңдай еді арғы атам.
Исатай мен Махамбетке қол жинап
Ал әкеміз туған елден бата алған.
Жастай ішіп сол бабалар сарқытын,
Өр киесін сүйіп ата салтымның,
Дем біткенше ақиқатты ту қылып,
Қорғаушысы болдым асыл халқымның!
Келсе дағы қаһар төгіп жүз атты,
Имандыққа түсірмедім сызатты.
Алаш болды менің мәңгі ұраным,
Кешсем дағы бастан талай азапты.
Жүрегіме у боп түсіп шер менің,
Зомбылыққа басын иіп көнбедім.
Ер нағашым Көтібар ұлы Есетпен,
Ақ патшаға болат қылыш сермедім.
Ұлы дала менің алтын бесігім,
Жаздырғанмын жүрегіме есімін.
Ауырлығын қара нардай көтеріп,
Қуанышын жайлауына көшірдім.
Қатал тағдыр бар ызғарын төккенмен,
Келер ұрпақ менің үміт ақ кемем.
Саған сеніп тасқа жазып қалдырдым,
Ерлігімнен мәңгі өшпейтін отты өлең.
Соның бәрін ойға сақта ұмытпай,
Бабалардан қалған алтын сынықтай.
Мен әуелден өздеріңе сенгенмін,
Қайсарлықпен қиындықтардан қаймықпай!
Өмір күрес, бітпес майдан мәңгілік,
Бабаң үні жүрсе бойда жаңғырып.
Өршіл даңқын жалғарсыңдар ерлікпен,
Намыс отын алаулатып жандырып.
Ең қымбаты азаттығы еліңнің,
Өр киесін таптаттырма төріңнің.
Қазынасын тонаттырма арсызға,
Қара басын ойлайтұғын өзінің.
Арман қылған Түркі елінің бірлігін,
Арың болсын көгіңдегі ай күнің
Ерліктің жүз айдынында сескенбей,
Қамын ойлап алда болар тойыңның!
Азапсынба өнер жолдың ауырын,
Бақыт берер сен күрессең Тәңірім.
Ақын болсаң айтарыңды айтып өт,
Арман болмас сенде сонда бауырым!
Әділдіктен өн бойына сыр түйген,
Төле бидей данышпан бол ел сүйген,
Көк Бөрідей қасиетті батыр бол,
Ақын ұлым, әруағыма бас иген!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қайдасыңдар, түріктерім?

  • 0
  • 0

Қайдасыңдар түріктерім қаптаған,
Жарты әлемді түгел билеп таптаған.
Тұлпарлардың тұяғымен жыр жазып,
Тау шыңында шежіре, сыр сақтаған.

Толық

Алаш ұраны

  • 0
  • 0

Біз қазақ жасампаз елі бар,
Ер Түрік тегінен таралған.
Алаш боп киелі ұраны,
Азаттық таңы үшін тау жарған.

Толық

Азаттық жаршысы

  • 0
  • 0

Менің елім босана алмай құрсаудан,
Дем жұтқанда құлдық соры у шаңнан.
Әшкерелеп зұлымдығын патшаның,
Өзің едің жан дауыспен жар салған.

Толық

Қарап көріңіз