Өлең, жыр, ақындар

Менің даусым

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 809
Жаңбырын, ақ шуағын құйып кеуде,
Жыр бағын сыйға тартсам сүйікті елге.
Сол бақтан үнім тарап кеңістікке,
Дауысым жетсе менің биіктерге!
Жаңғырып, қырды кезсе, даланы асып,
Үнімде болмай ешбір ара қашық.
Жалғассам уақыттың ырғағына,
Дамылсыз тіршілікпен араласып.
Ән төккен, көмейінен бұл күнге ашық,
Даусыма болса менің бұлбұл ғашық.
Күн сүйген тыныштықпен жазықтағы,
Тербелсем, ақ бидаймен сыбдырласып.
Жер бетін көкірегіммен көріп күнде,
Айналсам, бір керемет көрікті үнге.
Байлықтың қазанында жатсам қайнап,
Ойларым әппақ қоймен өріп бірге.
Тұратын маңдай тосып түз өтінде,
Кеудесін ұрпақ үшін із етуге.
Аналық жүрегімнің дүрсілімен,
Біргемін бейбітшілік күзетінде.
Жарықтай жарып шыққан бұлт ішінен,
Көпке ортақ, құбыламын күн түсімен.
Естілер менің даусым еш алаңсыз,
Сәбидің кәусар бұлақ күлкісінен.
Жазамын ұлы дәуір дастанын мен,
Тіл қатып, ақ таңдарға асқақ үнмен.
Мен баймын, өмірлімін, бақыттымын,
Осынау туған жермен, аспаныммен.
Жанымды арман құмар, үміт құмар,
Жылдарым жолға салып шынықтырар.
Ақ көңіл адам барда жер бетінде,
Әрқашан менің орным биік тұрар.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тіске тісті шегелеп

  • 0
  • 0

Тіске тісті шегелеп,
Үндеме тіл, үндеме.
Ауыз ашып не керек,
Айтпаған соң бірдеңе.

Толық

Ұятты беттен лақтырып

  • 0
  • 0

Ұятты беттен лақтырып,
Көруге бәрін көнген көз.
Астына сәтте-ақ ат мініп,
Ақылды айғай жеңген кез...

Толық

Қаса жүйріктің қайғысы

  • 0
  • 0

Жеткізбей әне қара бір,
Жерледі жаман, қорлық-ай.
Тұяғым сүйген дала-қыр,
Тістесіп жатыр көр құдай.

Толық

Қарап көріңіз