Өлең, жыр, ақындар

Өмір өткелдері

  • 31.07.2019
  • 0
  • 0
  • 3131
Бесік пен дымқыл жөргегің –
Түн бойы ұйқы көрмеуің.
Ойыншық, тынбай жүгіріс –
Балабақшаға жүгініс.
Тәрбие берген мектебің –
Алаңда допты тепкенің.
Өмірің арғы тек емес:
Жағалас, ұрыс, төбелес.
Институт, жасыл көктемің –
Қыздарды құшып-өпкенің.
Сессия, сынақ, диплом –
Сыралы қызық күй кілең.
Махаббат, ынтық күндерің –
Ұйқысыз өткен түндерің.
Қақпанға түсіп үйлену –
Енеңмен қапас күйге ену.
Жанжал да керіс, ішкілік –
Жаз бен күз, қысқы үскірік.
Баланың түнгі жылауы –
Мазалар сені тұмауы.
Кафеде өткен небір кеш –
Көкейден кетпес көңілдес.
Аталап ерген немере –
Алысқа тартқан кеме де.
Көзілдірік, қан қысым –
Тартқызған өмір талқысы.
Күн санап артқан кеселің –
Аяқтан алар төсегің.
Таусылып бір күн талқаның,
Ажалы жетер Алланың.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жан мен тән

  • 0
  • 0

Адамды көр бақылап,
Жан мен тәннен тұрады.
Су мен темір, топырақ –
Дененің шын құрамы.

Толық

Қызғаныш

  • 0
  • 0

Мен сені қызғанамын досымнан да,
Еріксіз қысыламын осымнан да.
Бұл менің ынтызарлық назым ғана,
Күніміз не болады қосылғанда?

Толық

Отандасым, келдің бе?

  • 0
  • 0

Қарлығаштай қияннан,
Келдің ұшып, бауырым.
Ата қоныс ұяңнан,
Қарсы алады қауымың.

Толық

Басқа да жазбалар