Қалжырап сағыныштан, үміттен де – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Қалжырап сағыныштан, үміттен де» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 740
Қалжырап сағыныштан, үміттен де,
Көңілім құлазыса суып демде.
Сол кезде күн көзінен от аламын,
Шалқайып жатқан жасыл шығып белге.
Сусыған толқын – белдер сағымданып,
Аққандай тіршілікке дабыл қағып.
Дамылдар жалынымен қайтқан көңірл,
Шоғындай сексеуілдің жанып-жанып.
Емізбей толқын белдер санаға мұң,
Толқынша толқын белде дем аламын.
Кеудемді кең далаға төсеп тұрып,
Тыңдап бір, сыбызғы үнді самал әнін.
Ұласып сал самалдың сазына жел,
Алдымнан арман, үміт ағыла бер.
Мезгіл – дос жаралаған көңілімді,
Жап-жасыл берер емдеп жазира бел.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері