Өлең, жыр, ақындар

Көктем, көктем, кеудеме орап мол шабыт

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 816
Көктем, көктем, кеудеме орап мол шабыт,
Суретіңді көз алдыма келші алып.
Жан бағына құстарыңмен шулап кел,
Қарсы алайын қайталанбас ән салып.
Бұлақ болып шың басынан құлап кел,
Жағадағы ойнап бала құрақпен.
Сағым болсаң көшіп жүрген қыратпен,
Қуайын мен қиял деген құр атпен.
Қызғалдақ боп келші бояп жер төсін,
Қыз жүрегін от махаббат өртесін.
Бірінші рет бұла таңмен бусанып,
Ақ бұлтыңды аймаласын ерке шың.
Жігіт болып қиялдағы күліп кел,
Қарсы алайын балауса көк үмітпен.
Ақ шабақ боп толқындармен ойнаған,
Көкірегімде жатса егер тұнып көл.
Көктем, көктем, өлең болып кел, төгіл,
Өмір болып құралайын ен-тегін.
Нөсеріңді дәл төбемнен төкші бір,
Нөпір күймен кеудемді өзің өртедің.
Қызғалдағың қырда тұңғыш жанғанда,
Тіл қатайын, шыңға биік, арманға.
Кел тезірек сұлулықтың өзі боп,
Сан сәулеңді сүйгіз сонау бар маңға.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Үнің тәтті не деген

  • 0
  • 0

Үнің тәтті не деген,
Таңдайымда еріген.
Тыңдаушыңды деме кем,
Күні жоқ қой жеріген.

Толық

Төбемнен төңкерілген аспан кеуде

  • 0
  • 0

Төбемнен төңкерілген аспан кеуде,
Келеді ай дөңгелеп Асқар белге.
Жарасқан егіз әлем үндес тілмен,
Жұлдыздар түнгі шамдай шашқан жерге.

Толық

Есенинге

  • 0
  • 0

Төрімде суретің тұр гүл ұстаған,
Бет – бейнең неткен ыстық туыс маған.
Толқындай жирен сары бұйра шашың,
Өлкеңе ұқсайды екен күн ыстаған.

Толық