Гүл тәрізді өмірім ерте солар, ерте өніп – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Гүл тәрізді өмірім ерте солар, ерте өніп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 708
Гүл тәрізді өмірім ерте солар, ерте өніп,
Кеудеңдегі бір жүрек суып, бірде өртеніп.
Қайда қалды япыр-ау, бір кездегі ұяңдық,
Қайда қалды ғашықтың алдындағы еркелік.
Қайда қалды құдай-ау, бір кездегі ұяңдық,
Өткен уақыт бәрін де жіберген бе қиял ғып.
Кеудемдегі бір жүрек суып, бірде өртеніп,
Сүйе тұрып біреуді сүйем деуге ұялдық...
Гүл тәрізді өмірім өңденетін ән-жырмен,
Бетпе-бет кеп безбүйрек қилы-қилы тағдырмен.
Туған жерде сабағым сарғайып сәл иілсе,
Түзелемін, қайтадан көктемдегі жаңбырмен.
Гүл тәрізді өмірім, дүр сілкінер тіріліп,
Күн көзінен таралып, тамырына бір үміт.
Гүл тәрізді өмірім, ерте солар, ерте өніп
Таңғы бұлбұл дауысын емін-еркін сіміріп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері