Көктем келді гүлден алқа тағынып – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Көктем келді гүлден алқа тағынып» атты Қанипа Бұғыбаева жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 895
Көктем келді гүлден алқа тағынып,
Бала қыздай тентек, сары кекілді.
Сұлу күнді сырлы күнді сағынып,
Тас бұлаққа жуған қандай бетіңді.
Көктем келді көлде аққулар сыланып,
Белі болып солқылдағын жас талдың.
Бір келіншек келе жатыр су алып,
Шелегінде суреті ойнап аспанның.
Бір келіншек келе жатыр су алып,
Осы сәткі сұлулықтан бар ма асқан.
Қос шелекпен қос иықты куә ғып,
Төгіліп бір кететіндей жерге аспан...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері