Көктемнен өтіп, келдің бе, кербез жаз дәурен – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Көктемнен өтіп, келдің бе, кербез жаз дәурен» атты Қанипа Бұғыбаева жазған табиғат туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 743
Көктемнен өтіп, келдің бе, кербез жаз дәурен,
Жап-жасыл бояу, сіңісіп қалған көзге әбден.
Кеудесін таудың иіткен бала бұлақтар
Барады сырлы толқынын өріп саздармен.
Жүйесін жердің қозғаумен.
Ақ қайыңдар жапырағы жасыл, сырғалы,
Жамырап шығар көктемгі құспен бірге әні.
Толғағы жетіп жер менен көктің дәулетке –
Толысып бүгін төгілейін дер тұр бәрі,
Арман мен үміт қырманы...
Көк белден өтіп, жеттің бе, бұйра қоңыр жел,
Дарытып мынау көлеңкелі көңілге ем.
Сезімнің гүлін оятып қардан есе бер,
Сезімнің жолы талмасын сапар шегуден,
Аужайыңа төңкерілсін өмір бел...
Құстарым шулап, мекенін жылы іздеген,
Қимастық әнін салғандай үміт үз, деген.
Жаз дәуреннің шуақты аспан астынан,
Қараймын тоңып, жақындаған күзге мен.
Үмітін көңіл жағадан жасыл үзбеген.
Құстарым шулап барады, соңғы сазды өріп,
Сарала бояу алғандай енді жаз көрік.
Аққудың әнін қайталап жұрттың көңлінде,
Қалсам ба деп ем жаз болып.
Жаз дәуреннің тұрғаны-ай маған аз келіп.
Көктеммен кеп ең, кетесің бе енді жаз дәурен,
Тербетіп қырды қиыспас ыстық саздармен.
Орамал бұлғап аспаным қалды ақ бұлттан,
Сағым белім, жанымның желін қозғаумен,
Басымнан асып барасың ба ұзап, жаз дәурен...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көктемнен өтіп, келдің бе, кербез жаз дәурен өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Көктемнен өтіп, келдің бе, кербез жаз дәурен өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көктемнен өтіп, келдің бе, кербез жаз дәурен өлеңі не туралы?

Бұл шығарма табиғат туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Көктемнен өтіп, келдің бе, кербез жаз дәурен өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері