Ақ бұлақ, жеткізбейсің қашқан атқа

Бұл бетте «Ақ бұлақ, жеткізбейсің қашқан атқа» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 696
Ақ бұлақ, жеткізбейсің қашқан атқа,
Қайталап бір ағысты бір ағысың.
Төккендей күміс теңге тас-табаққа,
Толқының паш етеді бұла күшін.
Көшіп жүр көк күмбездің бұлты жайлап,
Кім білсін, ол да өзінше толғана ма.
Сабырсыз әлсін-әлсін сілкіп ойнап,
Бұрымынан тартады жел, жағаға.
Маңайды ұйықтатпай түнгі әніңмен,
Мылқауды да жібердің ақын етіп.
Базар өмір алдаған думанымен,
Дәл өзіңше із салмай жатыр өтіп.
Сылдырыңнан ділмарлық сезінемін,
Сезіміме сан түрлі сыр ұқтырған.
Туған жердің сен титтей көзі ме едің,
Шараңа барлық әлем тұнып тұрған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақ бұлақ, жеткізбейсің қашқан атқа өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Ақ бұлақ, жеткізбейсің қашқан атқа өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақ бұлақ, жеткізбейсің қашқан атқа өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақ бұлақ, жеткізбейсің қашқан атқа өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері