Бітірмегім көп еді, бірін әлі – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Бітірмегім көп еді, бірін әлі» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 619
Бітірмегім көп еді, бірін әлі
Бітіре алмай келемін.
Көңіл – көзсіз, әрнеге ұрынады,
Таппай арман – өлеңін.
Тарқатып ап отырам орай алмай,
Орай алмай ой жібін.
Жылдам өткен санай алмай
Өмірімнің ай-жылын...
Шығып алып біресе құздан құлар,
Сезіп түбін қу ішім.
Қызықтырып, біреуді қызғандырара,
Болмай жүр бір ісім.
Қанаттыны қыран ба деп алданам,
Желге ұшып көп күнім.
Кеш түсіндім махаббат пен арманның,
Бас-аяғы жоқтығын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері