Өлең, жыр, ақындар

Дос болам десең

  • 17.04.2015
  • 1
  • 37
  • 326567
Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.
Достарың көп пе?
Апырау неткен жақсы едің?
Досым аз менің...
Досым-ау менің, тапшы емін?
Достарыңменен достастыр мені, асылым,
Достастыр мені?
Болайын құлың нақ сенің!
Достыққа жүрмін,
Достыққа жүрмін құмартып!
Өлгелі жүрмін,
Өзіме-өзім мін артып...
Жауыздың барып, жанына уәзір болғаннан,
Достардың барып, ауласында өлген мың артық.
Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!
Жолы бөтен демеймін, жөні бөтен.
Достық деген - адамның көрігі екен,
Достық деген ақылдың серігі екен.
Қыран күлкі-тамаша - бәрі осында,
Отырмын думан-тойдың арасында.
Береке бойдан асып жатқанымен,
Олқы тұр көңілім менің, нанасың ба?
Ұйытқып жатыр көңілде құйын-дауыл,
Heгe сен келе алмадың жиынға бұл?!
Жыраққа жалғыз мені жібермеші
Жаныңа жаманшылық бұйырмағыр!
Әне, жұрт өзді-өзімен, сөйлеседі,
Өзімсіп: - Ей! - деседі,- өй! - деседі.
Шіркіндер-ай, даурығып тыңдар емес!
Есіме ап, тост көтертсем, кейде сені.
Сенсіз көңіл қашан да хош тұрған ба?
Сенсіз думан - қызықсыз бос қырманда.
Әсіре ойнап қайтемін, әсіре күліп,
Сенің орның құлазып, бос тұрғанда.



Пікірлер (37)

Бибинур

керемет

Әбдеш Нұрсұлтан

Дос болайын менде сіздей шын ақынмен
Жүзі нұрлы жақсыға жаны жақынмен
Күйбең тірлік, алдамшы мына заманда
Дос таппадым өлеңнен артық жақын мен

айгерим

достык туралы плакат

Нури

Керемет жазған екен

Аяулым

Ote keremet olen eken

Дəулет Өмірсерікұлы

Тамаша айтылған. Мұқағалидай ақындар қайтадан, жоқ десе де болады.

гульдана курмансейтова

өте жақсы өлең керемет

Алуа

Тамаша маған ұнады. Керемет жазылған

САЛТАНАТ

Тамаша оте керемет

Айсулу

Өте керемет өлең,менің өмірімнен алынғандай!))

назерке

дос болам десен мендегы доспен достаскын...

Елжан

Оте жаксы

С.Назерке

Мукагалидын олендерын суйып окимын.
Оте керемет,асерлы олен екен .

Сергей

Мына жерін тусиндерип берндерши.

Дос болам десең,
Досымды сыйла, қымбаттым!
Досыңа сонда,
Досыммен ғана қымбатпын.
Дос болам десең,
Мендегі доспен достасқын,
Сендегі доспен дос болып сонда тұрмақпын.

Бота

Өте өте өте күшті өлең, өте өте күшті өлең екен ! ❤❤❤❤❤

Нурдаулет

Өте өте керемет маған қаты ұнады өте керемет асерлі ☝️☝️

Аіka

Өте жақсы керемет ❤❤❤

Queen

Керемет

Аман Арсен Айдосулы

ОТЕ КЕРЕМЕТ ДЕНГЕЙДЕ

aiaulym daulethan bakutjankuzy

Ote keremet mahan unady

Жұлдыз

Өте керемет екен!

Сержан

Керемет,Тамаша

Ақнұр

Осы өлеңнен керемет шабыт алдым

Ақылбек.

Қолда барда алтынның қадірі жоқ.деген осы екенғо

Аружан

Маган осыны жаттауга берген. Олег керемет. Бесит школа. Мектебым аяулы Мектебым неге сен жазда ортенып кетпедын

Джерри

Тамаша,керемет

Гулбахар

Супер.

Мұратжан Самал Октябрьқызы

Керемет, тамаша, жақсы өлең екенё

Қанат

Маған дос туралы эссе керее

Жібек

Өте керемет өлең маған ұнады

Айша

Бұл өлеңді оқып біраз нақыл сөздерді кездестірдім Мұқағали атамыз секілді ешкім әсерлі,мәнді өлең жаза алмайды

Акберен

Кендебай өзеннен откесон не болады

Оразхан

Өте күшті өлең деитіндерге лаик

Кудрет

Кушти

Кудрет

Керемет

Омар

Мұқағали Мақатаевтің Дос болам десең өлеңі

Пікір қалдырыңыз

Арманым

  • 0
  • 11

Көз салдым өмір тереңіне,
Құлашым жетсе дүние көлеміне.
Әлпештеп мені өсірген
- Ұлы Отан, Жарасам сол

Толық

Бәрін де қойшы...

  • 1
  • 4

Өмір-ай, деймін,
Өмір-ай, деймін кейде мен,
Күндер де өтті, ойнайтын қыста жейдемен.
Кездер де кетті біреулер маған «Ей!» деген,

Толық

Емен көрдім

  • 0
  • 1

Луизианда емен көрдім,
Бұтағынан мүк салбырап,
далада тур серіксіз,
Күңіренткен жапырағы сылдырайды еріксіз.

Толық

Қарап көріңіз