Операция столында – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Операция столында» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.11.2021
  • 0
  • 0
  • 782
профессор Эдельштейнге

Столға келдім жай басып,
Жарама епті қол тиді.
Қуаныш, күдік алмасып,
Толқиды, жүрек толқиды.
Жанарға жас боп ескі үміт,
Өмірдің жандым отымен.
Жыр жазуға бес минут,
Уақыт бер, дәрігер өтінем!
Үлгірмей халім сұрап та,
Кемсеңдеп достар тұр әні.
Жасама дәрігер, бірақ та,
Жырыма операцияны...
Сөзімнен неге жаңылдым,
Қайдасың, дәрігер, жан сақтар.
Жарасын жабық жанымның,
Ақтарып кетті саусақтар...
Өмір-ай, өмір,
сен маған,
Қымбатсың да жұмбақсың.
Бір сағат қазір «дем алам»
Кеудемде тулап жыр жатсын!
Жанарға жас боп ескі үміт,
Арманның жандым отымен.
Жыр жазуға бес минут,
Уақыт бер, дәрігер, өтінем!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері