Құрдастар – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Құрдастар» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 9418
Болдық біз де бір кездерде қыз, жігіт,
Сүйдік, күйдік кереметтей үздігіп.
Енді, міне, көктем өтті, жаз кетті,
Төрге шықты, егделіктей күз кіріп.
Ұлдар өсіп, қонып жатыр ұяға,
Қыздар өсіп, ұшып жатыр қияға.
Сондадағы адам жастық шақтарын
Ұмыта ма, кәрілікке қияма?..
Қолпашы боп қартаймайтын көңілдің,
Қызығына тоя алмайсың өмірдің.
Айлар ағып, жылдар жылжып жатады,
Зая кеткен еңбегіндей негрдің.
Дос-жараның сын көзімен қарайды,
Артық басқан адымыңды санайды.
Шалыс бассаң, табасына қаласың,
Алыс бассаң, ақылдыға балайды.
Өмір - өзен бір батасың, бір шығып,
Кең тыныс aп, сосын тағы тұншығып.
Алма бетті әжім шіркін шимайлар,
Өз дегенін істеп тынар тіршілік.
Біраз шаптың, ілестің де арынға,
Келіп-келмей ойға алғаның қарымға.
Мінезіңнен сәт сайын бір мін тауып,
Суық тартар жаныңдағы жарың да.
Ұмытасың «алмас қылыш» жарқылын,
Мойындайсың табиғаттың тәртібін.
Немерең кеп, «ата-әже» деп тұрғанда,
Жым боласың, шығара алмай артық үн.
Түсініңдер жырдан соққан мүсінге,
Бұл жазғаным болар әр кез күшінде.
Құрдастардың тағдырлары ұқсас қой,
Барлығы да осы өлеңнің ішінде!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Құрдастар өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Құрдастар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Құрдастар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Құрдастар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері