Келеді күн, кетеді күн шектелмей – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Келеді күн, кетеді күн шектелмей» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 608
Келеді күн, кетеді күн шектелмей,
Келер күнге кеткен күнім өткелдей.
Туып тағы тербеп жатыр, жер-ана,
Нәрестесін кінәсіз жас көктемдей!
Майысады мың бұралып, тал билеп,
Әз көңілден сан күй кетер, сан күй кеп.
Маужырайды махаббаттар толықсып,
Бар дүние, ар дүние әлдилеп!
Күлімдейді күміс кірпік көкте күн,
Сезімімнің босатып сым шектерін.
Көз ұшында елестеген шаң беріп,
Қайда жүрсің,
Қайран менің көктемім!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері