Құр қалмас – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Құр қалмас» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2217
Әркімнің де бар өзінше есебі,
Өзінше ойлап, тек өзінше шешеді.
Опынады, опынады сан соғып,
Дұрыс болмай шықса ісі кешегі.
Ешкімді де жатпайтұғын таң қылып,
Мұның өзі өмірдегі заңдылық.
Бірде ұтып, бірде ұтылып жатамыз,
Қатып қалған қағида жоқ мәңгілік.
Тек туған жер болып жалғыз тірегі,
Әрбір адам өзінше өмір сүреді.
Тағдырынан тиесілі құр қалмас,
Кеудесінде соғып тұрса жүрегі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері