Өлең, жыр, ақындар

Мықтылыққа үйретіп

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2132
Жар басында жалқы өскен талшыбық,
Тас төбемнен қарайды әркез шаншылып.
Таңда көрсем бір уыс боп тұрады,
Балғын дене мөлдір шыққа малшынып.
Сағымменен күлтеленіп етегі,
Күн қызғанда құлпырып-ақ кетеді.
Қыр астынан көтерілген сал самал,
Желең төске жұпар сеуіп өтеді.
Ал кей кезде даңғой дауыл күш қылып,
Бастайды бір бітіспейтін іс бүлік.
Көк көйлегі жұлмаланған жас ару,
Өктемдікпен алысады ышқынып.
Өжеттігін, өрлігін айт бәрінен,
Төтеп беріп табиғаттың кәріне.
Жай оғы өтпес қара тасты қақ жарып,
Тамырларын сіңіреді әріге.
Шаршап едім ұшығына жетем деп,
Мен бір ойды түстім бүгін бекемдей:
Нәзіктіктің өмір үшін күресі,
Мықтылыққа үйретеді екен ғой.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұл тірлікте

  • 0
  • 0

Бұл тірлікте басу үшін алға нық,
Жүру керек оң-солыңды қарманып.
Сын көзімен қарамасаң ортақа,
Сан соғарсың, талай-талай алданып.

Толық

Бір құрбыға

  • 0
  • 0

Қалды ма елде «жүрегің»,
Әйтеуір, құрбым, жүдедің.
Ойларға ауыр батасың,
Көз ілмей ұзақ жатасың.

Толық

Достарға наз

  • 0
  • 0

Мақтауды да, даттауды да естідім,
Мұның бәрі ескі шаттық, ескі мұң.
Жаным менің жұлмаланып жатқанда,
Қолдың ұшын берген жоқсың ешбірің.

Толық