Ой ұшқыны – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Ой ұшқыны» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2392
Жанға жинап дүниенің жарығын,
Жас кезімде лапылдады жалыным.
Жалпы жұртты жарылқауым қиын ғой,
Көп жүрекке ашпа болып дарыдым.
Кей адамдар мені бірақ ұқпады,
Құшағыма құшақ ашып шықпады.
Болған шығар сыртымнан сөз айтқандар,
Қарсы келіп қалған кезде - «ықтады».
Сондадағы адамдарды бөлмеймін,
Қай кезде де айдын шалқар көлдеймін.
Жақсылықпен жүретұғын жамырап,
Енесінен айырмаған төлдеймін.
Аз емес қой бұл өмірдің сабағы,
He іздесе, адам соны табады.
Ақылдының алдында мен бас ием,
Болмау үшін ақымақтың мазағы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері