Сөйлейтін гүл – Жангелді Немеребай

Бұл бетте «Сөйлейтін гүл» атты Жангелді Немеребай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1583
Мен бір гүлді сүйіп келем,
Тұла бойы – тұнық АР.
Өзімді де биік көрем,
Оның да өз шыңы бар.

Құшақтаймын төзімменен,
Күйретпей еш күлтесін.
Тамызған соң сезімменен,
Жүрегімнің білтесін.

Жапырағы жасыл мәңгі,
Айдай мүсін қияқты.
Сұлулығын жасырғанды,
Қалайтын да сияқты.

Мен сол гүлді сүйіп жүрмін,
Гүл болса да ұғынар.
Кейіпкері киік жырдың,
Сөйлейтұғын тілі бар…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері