Бақытсыз да болмадым,бақытты да – Жангелді Немеребай

Бұл бетте «Бақытсыз да болмадым,бақытты да» атты Жангелді Немеребай жазған бақыт туралы өлең берілген.

  • 27.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2601
Тағдырымды алмадым сатып, құрап,
Ешкімге де бармадым жақұт сұрап.
Бақытсыз да болмадым,бақытты да,
Тек өзімді сезіндім бақыттырақ.

Өміріңді өрнектеп сәндесе де,
Арман-ойлар адамда бар нешеме.
Кең дүниеге кездер бар сыймай кеткен,
Сыйып жүріп тар бөлме, тар көшеге.

Шын сүйесің бір жанды сағынасың,
Қуанасың, сол үшін жабығасың.
Өзге әлемге соны аңсап сапар шегіп,
Бір жоғалып қайтадан табыласың.

Бағаламай гүл атқан көктеміңді,
Мекен еткің келеді көкте күнді.
Шың биікке шығам деп байқамайсың,
Шын өмірден алыстап кеткеніңді…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері